Австралияда су тасқынынан бес адам қаза тапты

Елдің премьер-министрі Энтони Албанезенің мәлімдеуінше, апаттан кейін зардап шеккен аумақтарды тазарту жұмыстары басталып кетті.
Су тасқынының соңғы құрбаны – 80 жастағы ер адам, оның денесі ең көп зардап шеккен өңірлердің бірінен табылды.
Апат салдарынан жүздеген тұрғын әлі де эвакуациялық орталықтарда тұрып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, су тасқыны үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан болған.
Апат кезінде 50 мыңға жуық адам байланыссыз қалып, елді мекендер оқшауланған. Климаттанушылардың пікірінше, мұндай табиғи апаттардың жиілеуіне климаттың өзгеруі себеп болуы мүмкін.
Фото: baq.kz