Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арменияда парламент сайлауының күні белгіленді

Арменияда парламент сайлауының күні белгіленді

Арменияда кезекті парламент сайлауы 2026 жылғы 7 маусымда өтеді. Бұл туралы республиканың парламент спикері Ален Симонян өзінің Телеграм-арнасында хабарлады, деп жазады Анадолы.

    — Бүгін 7 маусым. Армения Республикасының Ұлттық жиналысына кезекті сайлау дәл бір жылдан кейін – 2026 жылғы 7 маусымда өтеді. Санақ басталды, — деп жазды ол.

Армения — парламенттік республика, заң шығарушы орган премьер-министрді сайлайды, ол елдің іс жүзіндегі басшысы саналады. Елде соңғы парламент сайлауы 2021 жылы өтті.

Айта кету керек, «Құрметпен» фракциясы премьер-министрге вотум сенімсіздік жариялау туралы бастама көтеріп, Масис қауымының басшысы Давид Амбарцумянды кандидат ретінде ұсынды. Армениялық БАҚ мәліметінше, бұл туралы фракция лидері Айк Мамиджанян мәлімдеді.

    — Армения Республикасының Республикалық партиясының Атқарушы органы мәлімдемесін ескере отырып, «Құрметпен» фракциясы 7 маусымда өткен отырыста Конституциялық заңға сәйкес премьер-министрге вотум сенімсіздік жариялау туралы ұсыныс жасауды бірауыздан қабылдады. Кандидат ретінде Масис қауымының басшысы, АРП Кеңесінің мүшесі Давид Амбарцумянды ұсындық, — деп жазды Айк Мамиджанян.

«Біз ояу тұрамыз» қозғалысының мүшелері Нарек Малян мен Эдгар Казарян Ұлттық жиналыс депутаттарына премьер-министрге вотум сенімсіздік жариялау бастамасын көтеруді ұсынған хат жолдады. Оппозициялық «Құрметпен» фракциясы бұл бастаманы іске асыруға дайын екенін білдіріп, кандидат ұсынбай, тек кандидатураны талқылауға кірісуге әзір екенін айтты. Ал оппозициялық «Айастан» фракциясы бұл бастаманың мақсатына күмән келтіріп, оның үкіметке қарсы ма, әлде «Айастан» блогына қарсы ма екеніне сенімсіздік білдірді.

Ұлттық жиналыстың тәуелсіз депутаттары Овик Агазарян мен Акоп Асланян тағы бір импичмент бастамасын көтеріп, «Жарқын Армения» партиясының төрағасы Эдмон Марукянды кандидат ретінде ұсынды. Алайда бұл бастамаға ешбір оппозициялық фракция қосылмады.

Бұған дейін Арменияда 2026 жылы Еуропалық саяси қоғамдастық саммиті өтетінін жазғанбыз.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: Анадолы
07 маусым 2025 ж. 26 0