Армения премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді
 Армения премьер-министрі Никол Пашинян уақытынанн бұрын парламент сайлауын өткізу үшін отставкаға кететінін мәлімдеді.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян уақытынанн бұрын парламент сайлауын өткізу үшін отставкаға кететінін мәлімдеді.Ел үкіметі де отставкаға кетті. Дегенмен Пашинян сайлауға дейін премьер ретінде толықтай қызмет ете бермек. Сайлау осы жылдың 20-шы маусымына жоспарланған.
Сайлау кезінде Пашинян "Гражданский договор" партиясы атынан үкімет төрағасы лауазымына үміткер болады.
Армения заңына сәйкес, кезектен тыс сайлау парламент таратылған соң 45 күн өтпей тұрып өткізілуі керек.
baq.kz






 
		 
		



