Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаевтың интеграциялық жобадағы рөлі зор – Армения премьер-министрі

Назарбаевтың интеграциялық жобадағы рөлі зор – Армения премьер-министрі

Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы Армения Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр.

Халықаралық жиында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еуразиялық экономикалық кеңес аясындағы жүзеге асып жатқан халықаралық шаралар туралы айтты.
«Биыл Еуразиялық экономикалық кеңес екі мерейтойды атап өтеді. Еуразиялық экономикалық кеңес жоспарлы түрде біздің елдеріміздің экономикасы мен бизнесі үшін мүмкіндіктерді жоспарлы түрде дамытып келеді. Еуразиялық экономикалық кеңесте халықаралық серіктес елдердің ауқымы да кеңейіп келеді. Міне, Иранмен еркін сауда айналымы туралы келісім күшіне енеді. Қытай Халық Республикасымен ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойылды. Қазір Вьетнам, Мысыр, Сингапур, Сербиямен келіссөздер жүріп жатыр. Бұл келіссөздер елдеріміздің экономикасындағы бизнес үшін жақсы нәтижеге әкеледі деп үміттенемін», - деді ол.
Сонымен қатар, Армения Үкімет басшысы Еуразиялық интеграция идеясын ұсынған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті.
«Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай интеграциялық жобадағы рөлінің зор екенін тағы атап өткім келеді. 5 жыл бұрын алғаш рет Еуразиялық интеграция туралы идея айтып, ол іске асырылып жатыр. Армения үкіметінің мақсаты  Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмысында әрі қарай жұмыс істей отырып, оны біздің елдеріміз үшін тиімдірек ету. Бүгінгі біздің шешімдеріміз осындай дамуға үлес қосады деп ойлаймын», - деді Никол Пашинян.
Бүгін Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. 
Жиын басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы» деген атақ берілді.
https://baq.kz
29 мамыр 2019 ж. 1 027 0