Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

«18 наурызда өткен «Гүлденіп келе жатқан Армения» фракциясының жетекшісі Гагик Царукянмен кездесуде тараптар «қазіргі сәтте елдің ішкі саяси тығырықтан шығатын ең тиімді жол – кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу» деген қорытынды шығарды» деп жазды Никол Пашинян.