Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Париждегі Құдай-Ана ғибадатханасының орнына мешіт салынуы мүмкін

Париждегі Құдай-Ана ғибадатханасының орнына мешіт салынуы мүмкін

Париж қаласындағы Құдай-Ана ғибадатханасының орнына мешіт салынуы мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Франция астанасының әкімдігі Париждегі Құдай-Ана ғибадатханасында болған өртке қатысты мәлімдеме жасады. Егер діни нысан қалыпқа келмейтіндей  дәрежеде өртенген болса, оның орнына мешіт салынуы мүмкін деп хабарлады билік басындағылар.
Мәлімдемеде жаңа нысан Париждегі христиандар мен мұсылмандар арасындағы "байланысты нығайтуға" себеп болып, "конфессия арасындағы қателікті түзеуге" аздап болса да көмегі тиеді делінген.  Бүгінде қалада шіркеу саны мешітке қарағанда бірнеше есе көп.
«Париж әкімдігінің 2024 жылға дайындаған мешіт салуға қатысты бас жоспары жағдайды біршама жақсартады. Христиан шіркеулерінің, оған қоса, басқа діни ағымдарды қосқанда, мешіттен басқа діни нысандардың саны бәрібір тым көп. Бұл жағдайды Құдайдың ескертуі, әділдікті орнатуға берілген керемет мүмкіндік деп бағалауға болады.
Париж Құдай-Ана ғибадатханасының орнына салынатын мешіт бұрынғы ескі нысанға қарағанда көлемді, көзтартарлық болуы әбден мүмкін. Туризм туралы айтар болсақ, мешіт көптеген саяхатшылардың назарын аударатынына сенімдімін», — деді әкімдіктің баспасөз хатшысы Умар аль-Халиль.
Бұл мәлімдеме тым оңшыл француз саясаткерлерінің сынына қалды. Кейбіреуі бұл жайтты егжей-тегжей тексеруді ұсынды. Себебі, жоғарыдағы мәлімдеме өрттен кейін бір сағаттан соң жарияланған.
Бірақ соған қарамастан, Франция Мәдениет министрлігі Париж әкімдігінің мәлімдемесін қолдап, жақында жаңа нысанға лайықты жоба байқауына қатысты шешім қабылдайтынын айтты.
www.qamshy.kz
16 сәуір 2019 ж. 1 129 0