Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы ол – профилактика, яғни, ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімді жүргізілуі.
Осыған қатысты Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бізге қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизмге қарсы профилактиканы күшейту қажет» деп, бағыт-бағдар берген. Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі жолмен жүзеге асыруға болады: ең алдымен, «оқшауланып» кетпеген, экстремисттік идеологияның қақпанына түспеген халықты ескерту мен олардың арасында профилактикалық жұмыстарды белсендірек атқару арқылы. Мұндай жұмыстарға жоғары білімді, білікті теологтармен қатар, психологтар, педагогтар мен дінтанушылар, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметкерлері бірлесе үйлесімді атсалысып, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тағы да тиімдірек жүзеге асыру қажет. Ал екінші жол бойынша «оқшауланған» идеологияға жақтасқандармен кешенді түрде тікелей жұмыс жүргізу, әрі оларды қайта иландыру жолдарын, айла-тәсілдерін зерттей отыра, ондайшараларды іске асыруды қолға алу бүгінгі күніміздің талабына айналды. Осы мақсатта «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті. 
Аралқұм ауылдық округінде «Діни экстремизм көріністерінің алдын алудағы ақпараттық-түсіндірме шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбында өткен басқосуда ҚР ҰҚК академиясының дәріскерлері мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Кеңшілік Тышқан баяндама жасап, жастардың діни сезімдерінің радикалануына жол бермеу мәселелері мен шешу жолдарын талқыға салды.
«Радикалды ағымды ұстанушыларға идеологиялық ықпал ету әдістері» тақырыбы аясында әдіскерлер жат ағымдағылардың ойын өзгертіп, қайта түзу жолға салу оңайға соқпайды» дейді. Өйткен олар өзіндік ойлау қабілетін жоғалтып, экстремизмді санасына мықтап сіңіріп алған. Осы тұрғыда теологтар мен имамдар адасушылардың санасына әсер ете алатындай сауатты болу керектігін баса айтты. 
«Мемлекеттік дін саясатындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері» тақырыбындағы баяндамада алдағы уақытта дінге қатысты заңға біршама өзгеріс енгізілетіндінгі айтылды. Жаңа заң қолданысқа енген уақытта көптеген азаматтардың жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін айтқан олар, осы бастан ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру керек дейді. 
«Жастар арасында діни төзімділікті қалыптастырудағы ақпараттық-шаралардың рөлі» тақырыбы төңірегінде: - «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Сондықтан оның заңдары діни негізге сүйенбейді және әркімнің діни бостандығына еркіндік береді. Алайда, кейбір діни мәселелерді заң аясында реттеп, елдің тұрақтылығы үшін қажетті шешімдер қабылдайды. Мысалға, жастардың жат ағымның жетегіне кетуіне негізгі фактор болатын әлеуметтік желілердегі радикалды ағымдардың үгіт-насихаттарына құзырлы органдар тиым салады. Өзге пиғылды интернет-сайттарының жұмысын тоқтатады» - деді философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқан. 
Сондай-ақ, семинарда «Жастардың діни сезімдерінің радикалануына жол бермеу мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбы да сөз етілді. Кейбір мәліметтер бойынша өзге ағымның жетегіне кетушілердің 80 пайызы 18 бен 29 жасаралығындағы азаматтарды құрайды екен. Оған негізгі себеп, әлеуметтік желілердегі уағыздар мен жастарар асындағы жұмыссыздық. Сондықтан, жиында дәріскерлер, мектеп психологтары мен ұстаздары оқушылардың діни сауаттылығын арттыруды жиі қолға алу керек деп есептейді. Ал, мешіт имамдары мен теологтар ел арасындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізсе жастардың түзу жолдан таймауына сеп болатындығын жеткізді.
Басқосуда жиынға қатысушылар баяндамашыларға сауалдарын қойып, қажетті мағлұматтарға қол жеткізді.
30 наурыз 2018 ж. 1 939 0