Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда әлемдегі алғашқы 6S робот дүкені ашылды

Қытайда әлемдегі алғашқы 6S робот дүкені ашылды

Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласында әлемдегі алғашқы 6S форматы бойынша робот дүкені ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Лунган ауданында орналасқан жаңа форматтағы дүкен дәстүрлі 4S (сату, бөлшектер, қызмет көрсету және кері байланыс) моделінің негізінде құрылған. Оған қосымша екі қызмет – роботтарды жалға беру және тапсырыс бойынша дайындау енгізілген.

Ашылу күні дүкенмен ынтымақтастық орнату туралы 26 робот өндіруші компаниямен, оның ішінде Unitree Robotics секілді жетекші фирмалармен келісім жасалды.

Сонымен қатар, дүкенмен жұмыс істеуге 200-ден астам компания қызығушылық білдірді. Олардың қатарында адам тәрізді және қызмет көрсетуге арналған роботтарды өндіруші 50-ге жуық кәсіпорын бар. Бұл ұйымдар өндірістің барлық кезеңін – негізгі компоненттерді әзірлеуден бастап бағдарламалық жасақтама мен түпкілікті жинақтауға дейін қамтиды.

Дүкенді басқарушы Shenzhen Future Times Robotics Co., Ltd. компаниясының мәліметінше, бұл бастама робототехника саласындағы сұраныс пен ұсынысты байланыстыратын тиімді инфрақұрылым құруға бағытталған. Жоба технологияны зертханадан нарыққа шығару процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

baq.kz
30 шілде 2025 ж. 51 0