Грузияда ежелгі адамның сүйегі табылды

"Бұл олжа арқылы гоминидтердің алғашқы легінің Оңтүстік Кавказға қоныстанғанын біле аламыз. Ол Еуразиядағы гоминидтердің ең көне өкілдері туралы тың деректер береді. Олардың қалай әрі қандай жағдайда өмір сүргенін және бүкіл әлемге қалай таралғанын анықтауға мүмкіндік бар", - дейді археолог Гиоргий Бидзинашвили.
Археологтар Орозманидегі қазба жұмыстарын араға 3 жыл салып барып қайта бастаған еді. Осы маусымда жұмыс тез нәтиже берді. Ежелгі гоминидтің қалдықтарын Грузиядағы халықаралық экспедицияға қатысқан жиырма жастағы америкалық студент тапты.
"Бастапқыда оның гоминидтің жағы деп ойламадым. Жануардікі шығар дедім. Кейін күмәніміз сейілгенде өткен тарих пен қазіргі уақыт арасындағы байланысты сезіндім. Өте қуаныштымын", - дейді Назарбаев Университетінің студенті Гүлнұр Мұратова.
Ежелгі еуразиялықтың жақ сүйегі Тбилисидегі грузин ұлттық мұражайына табысталады. Орозманидегі қазба жұмыстары қыркүйекке дейін жалғасады. Археологтар алда тағы құнды олжалар табуға үмітті.
Ақпарат көзі: massaget.kz
Фото: massaget.kz