Италияда Батыс Ніл вирусынан 10 адам көз жұмды

2025 жылғы 24-30 шілде аралығында Италияда вирус жұқтырудың 57 жаңа жағдайы анықталған. Жалпы 89 жағдай тіркеліп, оның 40-ы – жүйке жүйесін зақымдаған ауыр формада. Қауіпті індет әсіресе Лацио мен Кампания аймақтарында өршіп тұр.
Италияда вирус адамға негізінен маса шағу арқылы жұғады. Белгілері көбіне байқалмайды немесе жеңіл өтеді, бірақ кейде ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Еуропаның бес елінде (Италия, Грекия, Румыния, Болгария, Франция) инфекция таралып жатыр.
Батыс Ніл вирусына қарсы вакцина жоқ. Дәрігерлер тұрғындарға масадан қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.
Фото: ашық дерекөзден алынды