Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропа елдерінде қауіпті вирус таралып жатыр

Еуропа елдерінде қауіпті вирус таралып жатыр

Еуропа елдерінде Оропуш вирусы таралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының мәліметінше, жаз басталғалы Оропуш вирусын 19 еуропалық жұқтырған.

Белгілі болғандай, бес жағдай Италияда, екі жағдай Германия мен 12 жағдай Испанияда тіркелген. Алғаш рет Еуропада індет Оңтүстік Африкадан демалыстан оралған 45 жастағы итальялықтан анықталған. Оның дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері, басы мен буындары ауырған. Оның өзге отандасы да дәл солай ауырып, іші өтіп, жүрегі айныған. Сондай-ақ аурудың белгілеріне көздің ауырсынуы, қолдың жансыздануы мен бөрткен жатады.

Ал Еуропадан тыс аймақта, соның ішінде Оңтүстік және Орталық Америка елдерінде вирусты жұқтырудың 8 мың жағдайы айқындалды.

Науқастардың басым көпшілігі бір апта ішінде дерттен айыққан.

Айта кетерлігі, вирус ну тоғайлы жерлерде құстар мен маймылдарға масалар арқылы жұғады.

Сурет: ашық дереккөз 
19 тамыз 2024 ж. 281 0