Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Франция мерекелер санын қысқартып, 4 миллиард еуро үнемдеуді жоспарлап отыр

Франция мерекелер санын қысқартып, 4 миллиард еуро үнемдеуді жоспарлап отыр

Франция үкіметі мерекелер санын қысқарту арқылы төрт миллиард еуроға жуық қаражат үнемдеуді көздеп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Les Echos басылымының жазуынша, Франция премьер-министрі Франсуа Байрудың хатындағы мәліметке сәйкес, үкімет Пасхадан кейінгі дүйсенбі мен 8 мамырды, яғни Еуропада Жеңіс күнін мерекелеуді жұмыс күні деп жариялауды жоспарлап отыр.

"Бұл шаралардың нәтижесінде 2026 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке 4,2 миллиард еуро түсім болуы тиіс", – деп жазылған хатта.

Хатта сондай-ақ, Франция үкіметі 2026 жылға арналған қаржы заң жобасына осы екі күннің мемлекеттік мереке мәртебесін жоюды енгізуді көздеп отырғаны айтылған.

Фото: kaz.zakon.kz
11 тамыз 2025 ж. 32 0