Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тайваньдағы табиғи апат: жарақат алғандар саны 100-ден асты

Тайваньдағы табиғи апат: жарақат алғандар саны 100-ден асты

Тайваньның оңтүстігіндегі жойқын “Подул” тайфуны салдарынан 100-ден астам адам жарақат алды, бір адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Taiwan News-ке сілтеме жасап.

Цзяй уезінде балық аулау кезінде Лин есімді ер адамды дауыл кезіндегі күшті толқын Тайвань бұғазына алып кеткен. Құтқарушылар оны іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Бір күн бұрын Тайваньның оңтүстік-шығыс жағалауына соққан тайфун сағатына 191 км (53 м/с) жылдамдықпен соққан қатты жел әкелген. Жергілікті билік апат аймағынан 5,5 мыңнан астам тұрғынды алдын ала эвакуациялаған.

Метеорологтардың айтуынша, “Подул” тайфуны Тайвань тарихындағы ең қуатты дауылдардың бірі болып отыр. Қазіргі уақытта билік зардап шеккен аймақтарда электр желілерін қалпына келтіру және тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу жұмыстарын жүргізуде.

Фото: baq.kz

15 тамыз 2025 ж. 47 0