Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда тайфунға байланысты 5 млн-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Жапонияда тайфунға байланысты 5 млн-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Жапонияның оңтүстік-батыс жағалауында күшті "Шаньшань" тайфуны басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи апат салдарынан 200 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалып, жүздеген әуе рейстері кейінге шегерілді. Сондай-ақ ірі зауыттар жабық тұр.

NHK телеарнасының мәліметінше, дауылдан кем дегенде бес адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Билік бүкіл ел бойынша 5,2 млн-нан астам адамды эвакуациялап жатыр.

"Шаньшань" тайфуны өңірде бұрын-соңды тіркелгендердің ішіндегі ең күшті тайфун екендігі айтылуда.

    Ұлттық метеорология агенттігі ұсынған деректерге сәйкес, апат аймағындағы желдің жылдамдығы сағатына 180 шақырымды құрайды. Синоптиктер алдағы бірнеше күнде "Шаньшань" Кюсюде белсенді болып, одан соң ел астанасы – Токионы қоса алғанда, орталық және шығыс өңірлерге жақындайды, - делінген хабарламада.

Сурет: ашық дереккөз 
31 тамыз 2024 ж. 229 0