Жапонияда тайфунға байланысты 230-ден астам әуе рейсі тоқтатылды

Синоптиктердің болжамына сәйкес, тайфун Окинава префектурасының аралдарына жақындап қалған. Тайфун 28 тамызда таңертең Окинаваның аралдарына, ал кешкісін оңтүстік-шығыстағы Кюсю аралында болады деген болжам бар.
Бұған әуежайлар мен әуе компанияларының мониторингтік сервистерінің деректері негізінде жасалған есептеулер куә.
Негізінен Japan Airlines компаниясының әуе рейстері тоқтатылды (28 тамызда 82 ішкі рейс пен 29 тамызда – 60 рейс). Одан бөлек, халықаралық бағыттағы алты ұшу кейінге шегерілген.
Тайфун орын алатын аудандағы желдің жылдамдығы 45 м/с, ал ауа екпіні 65 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.
Сурет: ашық дереккөз