Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана әуежайында 15 рейс тоқтатылды

Астана әуежайында 15 рейс тоқтатылды

Елорда әуежайында 15 рейс тоқтатылып, 18 рейс кешіктірілді. Бұл туралы Астана әуежайының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астана қаласы әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр. Мұндай ауа райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан әуекомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешімдер қабылдайды.

«Бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған еді. Оның ішінде ұшуға 7 рейс, ұшып келуге 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар ұшуға 6 рейс, ал ұшып келуге 12 рейс кешіктірілді. Бұл кідірістер мен тоқтатулар қолайсыз метеожағдайлармен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен байланысты. Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек. Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған. Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8(7172)702-999», делінген Астана әуежайы таратқан хабарламада.

Фото: egemen.kz
08 ақпан 2024 ж. 94 0