Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда мал экспорты едәуір қысқарды

Қырғызстанда мал экспорты едәуір қысқарды

Қырғызстанда ет бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында қабылданған билік шараларының нәтижесінде мал экспорты екі еседен астам азайды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері елден 30 мың 493 бас ірі қара мал экспортталды (2024 жылы — 77 мың 907 бас, яғни 47 мың 414 басқа азайды), 31 мың 781 қой мен ешкі (2024 жылы — 70 мың 392 бас, 38 мың 611 басқа қысқарды), сондай-ақ 1 мың 636 жылқы (2024 жылы — 5 113 бас, 3 мың 477 басқа азайған).

Еске сала кетейік, Қырғызстан 2025 жылғы 11 тамыздан бастап 90 күнге ет бағасына мемлекеттік бақылау енгізді.

kaz.inform.kz
18 тамыз 2025 ж. 56 0