Германияда Еуропадағы ең жылдам суперкомпьютер іске қосылды

Ашылу рәсіміне Германия канцлері Фридрих Мерц пен Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің премьер-министрі Хендрик Вюст қатысты.
— Жасанды интеллект — соңғы ондаған жылдардағы елімізді өзгертудегі ең басты фактор, — деді Вюст.
Оның айтуынша, Jupiter Рейн аймағының құрылымдық қайта құруындағы жаңа кезеңнің және «көмірден жасанды интеллектке көшу» дәуірінің символына айналады.
Суперкомпьютер тек жаңартылатын энергия көздерінде жұмыс істейді және әлемдегі ең энергия үнемдеуші жүйе ретінде танылды. Ол ашық тілдік модельдерді әзірлеуде, адам миының жұмысын шынайы модельдеуде және климаттық болжамдарды нақтылуда қолданылатын болады.
Jupiter атауы «Joint Undertaking Pioneer for Innovative and Transformative Exascale Research» (Инновациялық және трансформациялық экзаскейл-зерттеулердегі пионер бірлескен жоба) дегенді білдіреді.
Жобаның жалпы құны шамамен 500 млн еуроны құрайды. Қаржының жартысы EuroHPC JU еуропалық бастамасы есебінен, қалғаны Германия үкіметі мен Солтүстік Рейн-Вестфалия билігі тарапынан бөлінген.