Жол апаты болашақ ана мен іштегі нәрестесін ажалдан құтқарды

Хлои Грант жүктілігінің алтыншы айында жеңіл-желпі жол апатына ұшырайды. Құрсағындағы нәрестесі үшін уайымдаған әйел ауруханаға барғанда, дәрігерлер болашақ ананың қауіпті дерт – преэклампсияға шалдыққанын анықтаған.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауру жүкті әйелдердің алты процентінде кезігеді. Және жүктіліктің 20-шы аптасында біліне бастайды.
Нәресте ажалдан аман қалды
Мамандар өзара кеңесіп, әйелге шұғыл кесар тілігін жасап, Амелией Роуз есімді қыз дүниеге келді. Мерзімінен бұрын жарық дүние есігін ашқандықтан, бөбектің салмағы небәрі 700 грамм болған, деп жазады басылым.Ал қазір жаңа туған сәбидің әкесі Джек Фаррелден бақытты жан жоқ. Оның айтуынша, көлігіне "болар-болмас сызат" түскен апаттың арқасында әйелі мен қызы аман қалды.