Иран парламенті ұлттық валютаның қайта деноминациялануын мақұлдады

Бұл шараны 144 депутат қолдап, 108-і қарсы, үшеуі қалыс қалды. Дауыс беруге барлығы 262 парламент депутаты қатысты.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, әрбір жаңа риал 10 000 ескі риалға тең болады және 100 керанға бөлінеді.
Иранның Орталық банкі қазіргі ақша жүйесі мен валюталық резервтерге сүйене отырып, валюта бағамын анықтауға, сондай-ақ валютаны сатып алу мен сатуға жауапты болады.
Үш жылға дейінгі өтпелі кезең қарастырылуда, оның барысында ескі және жаңа риал бір мезгілде айналымда болады. Бұл кезең "қос айналым фазасы" деп аталады. Ескі банкноттар мен монеталар біртіндеп айналымнан шығарылады.
Заң күшіне енгеннен кейін екі жыл ішінде Орталық банк өтпелі кезеңді бастау үшін қажетті шараларды әзірлеуі керек, ол ресми газет, онлайн платформалар және мемлекеттік БАҚ арқылы ресми түрде жарияланады.
Орталық банк үш ай iшiнде Жоғарғы Кеңес пен Министрлер Кабинетiнiң бекiтуi үшiн заң актiлерiнiң жобаларн дайындауы тиiс.
Фото: baq.kz