Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда «жасыл» энергияның үлесі 23 пайызға жетті

Өзбекстанда «жасыл» энергияның үлесі 23 пайызға жетті

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қазан күні сағат 19:00–дегі жағдай бойынша Өзбекстанда күн және жел электр станцияларында өндірілген электр энергиясы 2025 жылы 9 млрд кВт/сағ-ға жеткен.

Елде жалпы қуаттылығы 4682 мегаватт болатын 12 күн фотоэлектр станциясы және 5 жел электр станциясы жұмыс істейді.

«Жасыл» энергетикалық есептеулер бойынша 2 миллиард 730 миллион текше метр табиғи газ үнемделіп, 4 миллион тонна зиянды заттардың атмосфераға таралуына тосқауыл қойылды.

Биылғы жылдың басынан 22 қазандағы сағат 19:00–ге дейін барлық су, күн және жел электр станциясы 14 миллиард 520 миллион кВт/сағ электр энергиясын өндірді. Бұл «жасыл» энергияның жалпы генерациясының 23 пайызына сәйкес келеді.

Бұл 7,5 миллион үй шаруашылығының 10 айлық немесе 6 миллион үй шаруашылығының бір жылдық электр энергиясына қажеттілігіне тең.

Ақпаратқа сәйкес, 23 қыркүйек күні сағат 14:00–де күн және жел электр станциялары өндірген электр энергиясы 8 млрд кВт/сағ болған еді.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда салынатын АЭС елдің үш өңірін электр қуатымен қамтамасыз етеді. 

kaz.inform.kz/news​​​
23 қазан 2025 ж. 88 0