Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

1 қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі жоспарлы түрде артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,7%-ға өсіп, 491,09 рубль болды.

жұмысқа қабілетті тұрғындар үшін – 524,97 рубль,
зейнеткерлер үшін – 357,28 рубль,
3 жасқа дейінгі балалар үшін – 305,86 рубль,
3 пен 6 жас аралығындағы балалар үшін – 414,39 рубль,
6 мен 18 жас аралығындағы балалар үшін – 479,59 рубль.
Жаңа көрсеткіштер 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін қолданылады.

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуімен қатар 1 қарашадан бастап бала туғанда және отбасыларға арналған жәрдемақылар да артады:

бірінші бала туған кездегі біржолғы төлем – 4 910,90 рубль,
екінші және одан кейінгі балалар үшін – 6 875,26 рубль,
жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке тұрған әйелдерге біржолғы төлем –491,09 рубль,
3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы (егер кенже бала 3 жасқа толмаған болса) – 245,55 рубль.
Айта кетейік, 30 қарашадаға курс бойынша 1 рубль 6,62 теңгеге тең.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
31 қазан 2025 ж. 103 0