Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезияда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді

Индонезияда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді

Фото: Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы
Индонезияның Суматра аралында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Солтүстік Суматра провинциясындағы Падангсидемпуан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 221 шақырым жерде орналасқан.
Бұл қалада шамамен 100 мың адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 37 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.
Еске сала кетсек, 2 сәуірде Индонезияда болған зілзаланың магнитудасы 7,4-ке жетті. 
Сондай-ақ 13 сәуірде Каспий теңізінде магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды.
syrboyi.kz
19 сәуір 2026 ж. 49 0