Түркияның Эгей теңізі жағалауында жер сілкінді

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 68 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зілзаланың эпицентрі Түркияның Мармарис қаласынан 17 шақырым қашықтықта, ал Айдын қаласынан (халқы шамамен 163 мың адам) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 132 шақырым жерде тіркелді, – делінген EMSC хабарламасында.
Сол күні Түркияның батыс бөлігінде тағы бір жер сілкінісі тіркелді — Мәрмәр теңізі маңында 4,1 баллдық дүмпу болды. Табиғи апат 163,1 мың тұрғыны бар елді мекеннен небәрі 23 шақырым жерде орын алған.
Қазіргі таңда зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы нақты ақпарат жоқ. Түркияның төтенше жағдайлар қызметі мен сейсмолог мамандар аймақты бақылауды жалғастыруда.
Фото: baq.kz