Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстанда бір тәулік ішінде төртінші рет жер сілкінді

Тәжікстанда бір тәулік ішінде төртінші рет жер сілкінді

13 сәуір күні Тәжікстанда бір тәулік ішінде төртінші жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кешкі сағат 19:34-те Рашт ауданының орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде магнитудасы 5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.

Сол күні бұған дейін тағы үш сейсмикалық дүмпу байқалды:

4,2 баллдық жер сілкінісі – 10:06,

4,7 баллдық жер сілкінісі – 12:14,

5,9 баллдық алғашқы дүмпу – 4:21, 10 км тереңдікте.

Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің дағдарысты басқару орталығының мәліметінше, ең күшті жер сілкінісі кезінде 17 тұрғын үй ішінара қираған. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: baq.kz
14 сәуір 2025 ж. 185 0