Оңтүстіккореялықтар жасанды интеллекті бар жүк тасушы роботты таныстырды
Оңтүстік Кореялық автокомпания өздерінің АҚШ-тағы бөлімшесі жасаған Atlas гуманоид роботтың мүмкіндіктерін көрсетті.
Жасанды интеллект жүйесі Atlas-қа ауыр және ірі нысандармен жұмыс істеу кезінде бүкіл дене қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік береді. Оқыту барысында робот нақты орта жағдайларына бейімделіп, жүктерді тасымалдауды меңгереді және тек қолымен ғана емес, дене қимылын да тиімді пайдалануды үйренеді.
Әзірлеушілердің айтуынша, мұндай технология қазіргі өндірістік алаңдарда ерекше маңызды, себебі ол үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті роботтарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: baq.kz











