Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер су астында 25 минут тұншығып жатқан баланы өмірге қайта оралтты

Дәрігерлер су астында 25 минут тұншығып жатқан баланы өмірге қайта оралтты

Ұлыбританияның Камбрия патшалығында дәрігерлер су астында 25 минут жатқан баланы құтқарsп қалды.

13 жастағы жеткіншек Каспер Краузені құтқаруға өрт сөндірушулір, полицейлер мен жедел қызмет мамандары атсалысты. 
Баланы өзеннен алып шыққанда оның жүрегі соқпай тұрды. Жеткіншекті дереу тікұшақпен ауруханаға жеткізді. Балаға экстракорпоральды мембраналық оксигенация жасады. Қанына шұғыл оттегі құйды. Осылайша баланsң қанын қыздырды. Дене температурасы салқындап кеткен еді. Ақырында дәрігерлер Краузені аман алып қалды.
7 мамыр күні жеткіншек ата-анасымен қайырымдылық ұйымына барып қайтты. Тілшілермен сұхбаттасты. 
"Күн сайын жағдайы жақсарып келеді. Оның аман қалғаны бәрімізге таңғажайып оқиға болды", - деді анасы Виолетта.
Анасы тікұшақ жедел қызметіне алғысын айтты. Оларды "Өз ісінің маманы" деп атады.

http://stan.kz  

14 мамыр 2019 ж. 751 0