Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Техаста магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды

Техаста магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды

KAZINFORM – АҚШ-тың Техас штатында бейсенбі күні магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды АҚШ Геологиялық қызметі (USGS).

USGS мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Техас пен Нью-Мексико штаттарының шекарасына жақын жерде болған.

Жерасты дүмпуі Техастың батыс бөлігінде және Нью-Мексико штатының оңтүстік-шығысында сезілді.

USGS дерегінше, алдағы бірнеше күнде аталған өңірде қайталама жер сілкіністері болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 398 адамға жеткені туралы хабарладық. 

Ал 21 шілде күні Перуде болған екі жер сілкінісінен алты адам қаза тапты.

Фото: Анадолы

24 шілде 2026 ж. 50 0