Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Америка елдерінің бірінде жойқын жер сілкінісі болды

Оңтүстік Америка елдерінің бірінде жойқын жер сілкінісі болды

Колумбияның орталық бөлігінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Алтай-Саян бөлімшесіне сілтеме жасап.

Эпицентрдегі дүмпулердің қарқындылығына байланысты жер сілкінісі "жойқын" деп бағаланады.

Алтай-Саян тармағының жедел өңдеу деректеріне сәйкес, жексенбі күні AST сағат 18:08-де тіркелген жер сілкінісінің эпицентрі Вильявисенсио қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 73 шақырым жерде болған.

АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 6,3 деп бағалады. Оның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Фото: ​baq.kz​​​ 
09 маусым 2025 ж. 32 0