Жапониядағы аралда жер сілкінді
Жапониядағы Хонсю аралының жағалауында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды БелТА.Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі 239 мыңға жуық тұрғыны бар Хатинохэ қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 59 шақырым тереңдікте тіркелді.
Цунами қаупі туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, 26 маусым күні Жапонияның орталық бөлігіндегі Яманаси префектурасында және оған іргелес аудандарда алдын ала мәлімет бойынша магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Жапонияның метеорология агенттігі бұған дейін демалыс күндері елге Тынық мұхиты жағынан екі тайфун жақындап, кей өңірлерде құрлыққа шығуы мүмкін екенін ескертті.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: Анадолы










