Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнай бағасы төмендеді

Мұнай бағасы төмендеді

27 шілде Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыстың бәсеңдеуіне байланысты әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай түсті.

Oilprice порталының деректеріне сүйенсек, Brent маркалы мұнайдың баррелі 92,48 доллар болып, алдыңғы сауда сессиясының деңгейімен салыстырғанда 4,44%-ға арзандады.

АҚШ-тың WTI маркалы мұнайының бағасы 4,77%-ға төмендеп, барреліне 85,07 доллар болды. Сонымен қатар ресейлік Urals маркалы мұнай керісінше 4,37%-ға қымбаттап, баррелі 84,26 доллар деңгейінде саудаланады.

Бағаның төмендеуіне Иран тарапының АҚШ атысты тоқтату режимін сақтаған жағдайда, соққы беруді уақытша тоқтатуға дайын екендігі туралы мәлімдемесі себеп болды.

Бұған дейін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға жасалатын шабуылдарды күшейту жоспарын кейінге қалдырғанын хабарлаған еді. Кейіннен Америка тарапы Иран территориясына шабуылды тоқтатқан соң, Тегеранның да Парсы шығанағындағы елдерге соққы беруді доғарғаны белгілі болды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: Pexels

27 шілде 2026 ж. 34 0