Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан мен Әзербайжан мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды

Өзбекстан мен Әзербайжан мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар бұдан бөлек тағы тоғыз құжат қабылдады.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев екі ел арасындағы мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар бұдан бөлек тағы тоғыз құжат қабылдады.

Олардың қатарында екіжақты тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту жөніндегі бағдарлама, сыртқы істер және әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламалары, сондай-ақ туризм мен мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдер бар.

Қабылданған құжаттар Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.

baq.kz
24 тамыз 2026 ж. 48 0