Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды

Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды

Бастаманы жүзеге асыру үшін 1 млн 821 мыңнан астам оқушы мен студентке 1,4 млрд сомнан астам қаражат қажет болады. Бұл шығындарды жыл сайын республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделген.
Қырғызстанда оқушылар мен студенттердің театр, музей және басқа да мәдени орындарға тұрақты баруын қамтамасыз ететін жаңа жүйе енгізу ұсынылды.

Тиісті бастама президент жарлығы жобасында қарастырылған. Жобаға сәйкес, әр оқушы мен студент жыл сайын театр немесе ойын-сауық мекемелеріндегі қойылымдар мен концерттерге екі рет, сондай-ақ музейге екі рет баруы тиіс. Яғни, бір жылда әр жас төрт мәдени шараға қатысады.
Бастаманы жүзеге асыру үшін 1 млн 821 мыңнан астам оқушы мен студентке 1,4 млрд сомнан астам қаражат қажет болады. Бұл шығындарды жыл сайын республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделген.

Қаражатты оқушылар мен студенттердің мәдени іс-шараларға қатысуына қарай есептеп, театрлар мен басқа да мәдени мекемелерге аудару жоспарланып отыр. Төлемдерді цифрлық жүйе арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Жоба авторларының пікірінше, бастама жастардың музей, драма және қуыршақ театры, музыка, опера, балет пен цирк өнеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар бұл шара интернет пен электронды ойындарға тәуелділіктің күшеюіне байланысты қолға алынады.

baq.kz
Фото: baq.kz
12 қыркүйек 2026 ж. 17 0