Конор Макгрегор үйсіз отбасыларға арнап 8 үй салдыртып жатыр

–"Құрылыс аймағын аралап шықтым. Барлық көршілермен кездестім. Жақында осында отбасылар тұратынан сезіп, қуанып тұрмын. Олардың жаңа естеліктері, жаңа өмірлері басталады! Мен бұл ісімді мақтан тұтамын! Ирландия жасасын!"
Макгрегордың әлеуметтік желідегі жазылушылары әдетте спорттық көліктер, қымбат виллалар мен жеке ұшақтарының суреттерін ғана көретін. Бірақ бұл жазбасы жанкүйерлері арасында өте жоғары танымалдылыққа ие болып, оқырмандары чемпионды басқа қырынан тани бастады.