Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз зорлады деген айып бойынша Конор МакГрегор тергеліп жатыр

Қыз зорлады деген айып бойынша Конор МакГрегор тергеліп жатыр

Бұл туралы New York Times басылымына МакГрегордың ісімен таныс адамдар хабарлаған, деп жазады Stan.kz.
30 жастағы ирландиялық жауынгерге әзірге айып тағылмаған. Қазіргі уақытта полицейлер қыздың сөзінің дәлелін таппапты.
Айыптап отырған қыздың айтуы бойынша, МакГрегор өзін 2018 жылдың желтоқсан айында Дублиннің шеткі аймағындағы Beacon мейманханасында зорлап тастаған.
2018 жылдың соңынан бастап ирландиялық БАҚ-та сексуалдық зорлық туралы жазыла бастаған еді. Алайда ол кезде МакГрегордың есімі көрсетілмеген. Бұл жергілікті заңға байланысты. Заң бойынша, басылымдарға мұндай қылмыстар бойынша айыпталған адам сотталмай тұрып, оның жеке мәліметтер жариялауға тыйым салынған. Алайда қаңтар айында Reddit басылымында ирландиялық RTE телеарнасындағы ақпарат тарады. Онда спортшының есімі көрсетілген.
Полиция өкілдері 17 қаңтарда Ирландияда «есімі аталмаған спортшының» тұтқындалғанын растады. Артынша ол босатылған және ешқандай айып тағылмапты. Тұтқындау кезінде ер адамнан жауап алынып, ол тест үшін талдаудан өткен. Сол кезде іс ұлттық прокуратураға жіберіліпті.
Еске сала кетсек, 26 наурызда Конор МакГрегор спорттан кететінін айтқан еді.
www.qazbrand.info
27 наурыз 2019 ж. 1 138 0