Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдіктер тыңшы деп ойлаған кит телефонын теңізге түсіріп алған қыздың құрылғысын өзіне қайтарып берді

Шетелдіктер тыңшы деп ойлаған кит телефонын теңізге түсіріп алған қыздың құрылғысын өзіне қайтарып берді

Норвегиялықтар Ресейдің «тыңшысы» деп күмәнданған БАҚ-тың нағыз жұлдызына айналған кит өзінің жақсы ниетін дәлелдеді. Кит ұялы телефонын теңізге түсіріп алған норвегиялық қыздың құрылғысын өзіне қайтып алып берді

Бойжеткен телефонын теңізге құлатып алғаны сол еді, оның телефонын судан мейрімді ақ кит алып шықты. Теңізден аузында телефоны бар кит атып шыққанда, қыз өз көзіне сенер-сенбесін білмей, қатты таңғалды. Кейіннен бұл қызықты сәттің видеосы да жарияланды. Оны қыздың достары телефондарына түсіріп алған екен.
Айта кетсек, бірнеше апта бұрын Норвегияның солтүстігіндегі балықшылар Equipment St. Petersburg деген жазуы бар GoPro видеокамерасы кигізілген өте мейірімді ақ китті көріп қалған болатын. Сонда китке кидірілген камераға қарап, оны Ресейдің тыңшы-киті деп ойлап қалған еді. Бұл кит шын мәнінде Ресейге тиесі. Алайда, оның ешкімге зияны жоқ, балалар диельфин терапиясы үшін ұсталған кит болғаны анықталды.
http://stan.kz
21 мамыр 2019 ж. 923 0