Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда 14 саусағы бар қызға ота жасалды

Қытайда 14 саусағы бар қызға ота жасалды

 Қытайда дәрігерлер 14 саусақпен туылған қызға операция жасады. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Үш жасар науқас қыз кедей отбасында дүниеге келген. Оның туыстарында да мұндай тұқым қуалайтын ауру болғанымен, ақшаның жоқтығынан ешқайсы ота жасамаған. Кішкентай қызға Ляонин провинциясындағы Шэньян қаласындағы аурухана дәрігерлері ота жасады. 
"Қыздың әрбір қолында екі саусақтан артық, мұндай өте сирек кездеседі. Оңай болған жоқ. Өйткені басында қай саусақты алып, ал қай саусақты қалдыру керектігі түсініксіз болды. Өйткені сол қолында екі саусақ бірігіп кеткен, ал оң жақта бас бармақтан екі артық саусақтан өсіп шыққан», - деді хирург Чжань Цзе. 
Операция сәтті өтті. Дәрігерлер артық саусақтарды алып, үлкен саусақтардың пішінін түзетіп, олардың өсуін метал өзекшелердің көмегімен дұрыс бағытқа өзгертті. Бүгінде үш жасар қыз өзін жақсы сезінеді.
24 мамыр 2019 ж. 986 0