Дәрігерлер жануардың терісін салып берді: Терісі жоқ сәби туды
Ұлыбританияның Уорикшир патшалығында терісі жоқ сәби туды.
2018 жылдың 24 қарашасында 19 жастағы Джессика Кибблер Кайден Джейка Шатток есімді сәбиді өмірге әкелді. Оның салмағы 1,1 келі еді. Оның денесінде терінің тек 2 пайызы ғана болды. Дәрігерлер ата-анасына баланың өмір сүру мүмкіндігі аз екенін ескертті.
"Дәрігерлер баланы көрсеткенде ол қып-қызыл болды. Ет тілімі секілді болды. 19 жастағы біздер, ата-анасы, осындай әлсіз ауру баланы көрдік", - деді ата-анасы.
Дәрігерлер бір жарым ай бойы балаынң күтіміне қарады. Терісі де аздап өсті. Осы уақыт аралығында бала киімсіз жалаңаш жатты. Оның терісіне тиіп кеткенде өте жағымсыздық әрі ауырсыну байқалатын.
Сәби туғаннан қанның бұзылуы, асқазанның ауруы, тумысынан герпес, бронхиолит секілді аурулармен күресті. Мамыр айында балаға ота жасап, оң қолына ануардың терісін тікті. Әлі де алда 4 ота жасауы керек.
Анасы жүкті кезінде гидронефроздан зардап шекті. Босанар алдында қан кетіп жүрді. Жоспарлы тексеру кезінде баланың денсаулығында ақау бары айтылған жоқ. Дәрігерлер сирек кездесетін аурудың себебін анықтай алмады. Олар баланы шетелдік мамандардың бақылауына жіберді.
Қазір бір жарым жасқа толған сәби оңалып келеді. Салмағы 4,3 келіге жетті.
http://stan.kz