Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Менің өмірімде ешкім жоқ": танымал голливудтық актер жалғыздықтың күйін кешіп жүр

"Менің өмірімде ешкім жоқ": танымал голливудтық актер жалғыздықтың күйін кешіп жүр

Голливуд актері Киану Ривз The Jakarta Post журналының тілшісіне берген сұхбатында жалғыз қалғанын айтып берді,

"Менің жалғызбасты жігіт екенімді білесіздер, қазір менің өмірімде ешкім жоқ. Бірақ пайда болса, мен ол адамға құрметпен, махаббатпен қарайтын едім. Осыны басымнан өткізуге үміттенемін", — дейді 54 жастағы актер.
Өзін "тордағы жануар" сезінетін Ривз көшеге де шықпайтынын, ешнәрсе істемейтінін айтып өтті. Әйтсе де, "Матрица", "Джон Уик" фильмдерінің жұлдызы жалғыздықтан жабықпаған екен.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жұрт қаңғыбасқа ұқсап қалған Киану Ривзті танымаған еді. Сол кезде актердің көше ортасында жалаңаяқ отырған суреттері желіде қызу талқыға түскен.
01 маусым 2019 ж. 1 110 0