Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Актер Бауыржан Сатовтың бірінші әйелі не үшін ажырасқандарын айтты

Актер Бауыржан Сатовтың бірінші әйелі не үшін ажырасқандарын айтты

Жақында екінші рет шаңырақ көтерген актер Бауыржан Сатовтың бірінші әйелі мәлімдеме жасады. Ол актермен не себепті ажырасқанын ашық айтты.

«Соңғы кездері Бауыржан Сатовтың екінші мәрте үйленейін деп жатқанын жазған постарға менің логинімді белгілеп жатыр. Тіпті, менің сымбатымды бұзғым келмегендіктен бала тумағанымды айтқандар бар. Небір жағымсыз пікір жазылған», – дейді бойжеткен.
Ол ажырасуға жауапсыз махаббатың  себеп болғанын айтты. Актердің өзін сүймей кеткенін мойындады.
«Ол мені сүймей кетті. Біреуді күштеп жақсы көргізе алмайсың. Сүйген адамыңды еркіне жіберіп үйрену керек», – деп жазды ол
.

Бойжеткен жеке өмірін сынаған желі қолданушыларына жауап берді.
«Мен жеке өмірім үшін халықпен санасуға міндетті емеспін. Әркім өз қалауынша өмір сүреді. Біреуді аңдығанша өздеріңізге жауап беріңіздер. Ажырасу деген қазір жаңалық емес. Ертең балаларыңыз, жақндарыңыз осындай жайтты бастап кешеді деп ойламайсыз ба? Біреудің мінін термей, өзіңізді түзеп үйреніңіз», – деп жазады бойжеткен желідегі парақшасында.
Бұған дейін актер Бауыржан Сатов пен жас әнші Альбина Шардарованың шаңырақ көтергенін жазған едік.
Stan.kz​​​
07 тамыз 2018 ж. 4 451 0