Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ешкімді аямаған: АҚШ-та мемлекеттік қызметкер оқ атып, 12 адамның өмірін қиды

Ешкімді аямаған: АҚШ-та мемлекеттік қызметкер оқ атып, 12 адамның өмірін қиды

АҚШ-тың шығыс жағалауы, Вирджиния-Бич қаласында мемлекеттік қызметкер муниципалдық кешенде атыс жасады. Мәліметтерге сенсек, он екі адам оның қолынан қаза тапқан. Мерт болғандардың ішінде мергеннің өзі де бар,

Вирджиния-Бич қаласында атыстың болып жатқандығы туралы хабарлама полицияға жерігілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де түскен. Мерген мэрия мен сот мекемесінің жанында орналасқан муниципалдық кешенде оқ ата бастаған. Кешенде қалаға тиесілі коммуналдық кеңселер орналасқан. 
Wall Street Journal басылымы жергілікті шенеуніктерге сілтеп, атысты бастаған адамның ұзақ уақыт бойы коммуналдық қызметтерде жұмыс істегенін мәлімдеді. Ол жұмысынан босатылған екен. 
Қалалық полицияның шефі Джим Сервер басылымда айтылған ақпаратты растады. Сервердің айтуы бойынша, мерген муниципалдық кешенге сағат күндізгі төртте кіріп, ешкімді де аямастан атысты бастап кеткен. 
"Бізде атыстың құрбандары мен алынған жарақаттардан қайтыс болғандар көп. Он бір адам қазақ тапқан. Тағы да алтауы ауруханада, олардың жағдайы туралы ақпарат менде жоқ", — деді Сервер баспасөз мәслихатында. 
Сәл кейінрек он бір емес, он екі адамның мерт болғаны анықталды. Полицейлердің айтуы бойынша, оқиға орнынан тапанша мен винтовка табылған. Он екі адамның өмірін қиған мерген қару-жарақты заңды жолмен алған екен.

Атыс куәгері Меган Бэнтон Channel 13 телеарнасына әріптестерімен бірге үстелдердің көмегімен қорғанын айтып берді. Ол полицейлердің "жатыңыздар" деген айқайын, атылған оқтың дауысын естіген. "Біз дыбыс шығармай отыруға барынша тырыстық",— дейді ол. 
"Вирджиния тарихындағы ең жаман күн. Зардап шеккендер біздің достарымыз, көршілеріміз, әріптестеріміз, қызметкерлеріміз", — деді қала мэрі Бобби Дайер. 
"Бұл Верджиния-Бич және біздің штатымыз үшін қайғылы күн", — деді қала губернаторы Ральф Нортэм. 
Вирджиния- Бич Атлант теңізінің жағалауында, Чесапик шығанағының сағасында орналасқан. Қалада өмір сүретін адамдардың саны 450 мыңға жуық. АҚШ президенті Дональд Трампқа атыстың болғаны жайлы хабарлама барды. Gun Violence Archive сайтының мәліметі бойынша,  Вирджиния-Бич қаласындағы оқиға 2019 жылы елде болған 150-ші атыс ретінде тіркелді.

http://stan.kz  

01 маусым 2019 ж. 621 0