Қарағандыда мемлекеттік қызметкер із-түзсіз жоғалып кетті
Қарғандыда Арман Әлімов есімді ер адам 4 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен. Оны соңғы рет қаланың орталығындағы аялдамадан көрген.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Арман Әлімов жақсы қызметкер және үлгілі отағасы ретінде сипатталған. Ол соңғы бірнеше жыл бойы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеп келген. Бұған дейін Әлімов хабар-ошарсыз кетпеген. Жұмысында да дау-дамай болмапты. Жұбайы Әселдің сөзінше, ол құмар ойындарына әуес болмаған.
Әлімов жоғалып кеткен күні жұмысына такси шақыртқан. Көлік жүргізушісінің айтуынша, ол Арманды түрлі банктердің филиалдарына апарған. Қаладағы бақылау камераларындағы жазбалар таксишінің сөзін растады.
«Соңғы рет оны «1000 ұсақ-түйек» аялдамасында сағат 19:07-де көрген. Ол 53-автобусқа отырған. Автобыс Оңтүстік-Шығыс бағытқа барады. Біз сол ауданда тұрамыз. Сондықтан ол үйге келе жатқан болуы мүмкін. Алайда оның мұнан кейін қай аялдамадан түскені белгісіз. Себебі бақылау камераларынан көрінбейді», – дейді Арман Әлімовтің жұбайы.
Жоғалып кеткен ер адамның жұбайы Әсел еріктілермен бірге Арман Әлімовті іздестіруде. Олар Нұркен Әбдіров көшесінің ауданында хабарландыру парақтарын жапсырған.
«Ол жоғалып кеткен күні осы жерден оны соңғы рет көрген. Сондықтан іздеуді осы жерден бастадық. Мен оны еріктілермен бірге іздестіріп жүрмін. Хабарландыруларды жапсырдық. Ендігі шолып, жергілікті тұрғындарды сұрастыра бастаймыз», – дейді Әсел.
Әзірге полиция аталған іске қатысты пікір білдірмеді.
Арман Әлімовтің белгілері: Бойы 175 см, қоңыр көзді, қара шашты, орта денелі. Сол күні үстіне сұр түсті спорттық сырт киім, қара-көк түсті желетке, көгілдір джинсы, қара түсті спорттық аяқ киім киген.
Туыстары Арман Әлімов туралы қандай да бәр мәлімет білетіндерден мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуын сұрайды: 8 701 249 10 09; 8 708 352 64 60 және 8 702 674 26 33.
Stan.kz