Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзге ғаламшардағы тіршілік қандай болуы мүмкін?

Өзге ғаламшардағы тіршілік қандай болуы мүмкін?

Біз үшін улы болуы мүмкін заттар алыс бір әлемде өмірлік маңызды болуы ғажап емес. Керісінше, бізге қажет ауа оларға удан бетер болуы мүмкін. Біз су мен көміртексіз тіршілікті елестете алмаймыз. Алайда өзге тіршілік иелерінің жоғына кім кепіл?  Кремний Оттектен кейінгі Жердегі кеңінен таралған элемент. Кремний диоксиді күнделікті қолданатын тіс пастасының құрамында бар. Ал кәдімгі балшық, кварц, сутастың негізі - кремний. Құрамы жағынан көміртекке ұқсас. Зат алмасуға қажет түрлі қиын қосындылар тудырады. Бірақ көміртекке қарағанда екі есе ауыр. Дегенмен сутекпен бірге ыстыққа төзімді затты түзеді. Оған қоса күкірт қышқылына төзімді. Ойыңызға Шолпан ғаламшары келді ме? Дәл осы ғаламшарда мұндай тіршілікке ыңғайлы жағдай жасалған.Аммиак Дәлірек айтқанда, азот пен сутегі қосындысынан жасалған ащы иісті түссіз газ. Аммиак тығыздалған күйінде химиялық әртүрлілікті көп береді. Азот пен сутегі қосындысының негізінде протеиндер, нуклеин қышқылдары (дәл біздің ДНҚ-дағыдай) және өзге де полимерлер туындауы мүмкін екені белгілі. Тіпті, аммиакты бір жасушалыларды Юпитер, Уран немесе Нептунда болуы әбден мүмкін.
Фосфор (жанартас) Егер атмосфера аммиактан түзілсе, ал жерде жанартас көп болса - бұл фосфорлы-азотты өсімдіктер үшін қолайлы орта. Олар ауадан азотты алып, аммиакты қышқылдандырады. Жанама өнім ретінде сутек қала береді. Мұндай ғаламшардағы жануарлар керісінше сутекпен демалып, аммиак пен жанартасты тудыратын еді. Бұның өзі бір - экожүйе.
Метан Сатурнның серігі Титандағы көлдер мен өзендер метаннан тұрады. Ғалымдардың айтуынша, Титанда метаногенді - сутек, этан және ацетиленді жұтып, метанды шығаратын ағзалар тіршілік етуі мүмкін дейді. Мысал ретінде ғалымдар 2015 жылы сұйық метанда өмір сүре алатын азотты қосындылардан тұратын бір жасушалы мембрананы жасап шығарды.
Күшәла (мышьяк) Мүмкін емес, бірақ шындық: Жерден жасушасында осы у бар микроб табылған. Оған қоса, бұл бактериялар күшәламен емін-еркін демалады. Бұдан кейін ғалымдар күшәла кейбір ғаламшарда дем алатын ауа болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Фтор Ғалымдардың зерттеуінше, жатпланеталық биожүйеде фтор оттектің рөлін ойнауы мүмкін. Ал сұйық фторлы сутегі (кез келген жер тұрғыны үшін ауыр у) жергілікті су болуы әбден ғажап. Алайда мұндай мұхиттардың болуы неғайбыл, өйткені фтор Жер бетінен лезде жоғалып кетеді. Бірақ бұл бізде ғой...
04 маусым 2019 ж. 1 210 0