Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар жұмыртқаның адам өліміне дейін апаратын зиянын айтты

Ғалымдар жұмыртқаның адам өліміне дейін апаратын зиянын айтты

Америкалық ғалымдар жұмыртқаны көп жеу жүрек-қантамыр аурулары мен мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін жоғарылатады деген қорытындыға келді.

Зерттеушілер 31 жастағы 30 мың адамның өмір салты мен тамақтануын зерттеп көрді. Көптеген мөлшерде тұтынылған жұмыртқа құрамындағы холестерин адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. АҚШ-та бір адам орта есеппен 2012 жылы 254 жұмыртқа, ал 2017 жылы 279 жұмыртқа жеген. Сонымен қатар, дәрігерлердің диетикалық ұсыныстары жұмыртқаны тұтыну мөлшерін белгілемейді.
Бастапқы деңгейден жоғары тұтынылатын әрбір 300 миллиграмм холестерин жүрек-тамыр ауруларының қаупін 17 пайызға және мерзімінен бұрын өлім қаупінің 18 пайызға ұлғаюынаәкеп соғады. Ғалымдардың айтуы бойынша, аптасына бірнеше жұмыртқа жеуге болады, өйткені бұл өнім құрамында қоректік заттар да бар, бірақ күнделікті жемеу керек.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметі бойынша, бір үлкен жұмыртқаның құрамында шамамен 200 мг холестерин бар. 2015 жылға дейін дәрігерлер денедегі холестеринді күнделікті тұтынуды 300 миллиграмға дейін шектеу туралы кеңес берді. Жұмыртқалардан басқа, бұл заттың көп бөлігі ет, ірімшік және май-сүт өнімдерінде бар.
http://stan.kz
05 маусым 2019 ж. 1 092 0