Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатты жылап жіберді: 18-қабаттан құлаған лифтінің ішінде болған 9 жасар қыз аман қалды

Қатты жылап жіберді: 18-қабаттан құлаған лифтінің ішінде болған 9 жасар қыз аман қалды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 9 жасар қыз мінген лифт 18-қабаттан құлап кетті. Абырой болғанда, қыз тірі қалды.

Оқиға 28 мамырда орын алған. Желіде тараған видео кадрларынан ішінде екі бала бар лифтінің 19-қабатқа көтерілгені, артынша кабинадан ұл баланың шыққаны көрінеді. Лифтінің есігі жабылғаннан кейін, жүйеде ақау орын алып, дисплей жұмыс істемей қалады. Мұнан соң лифт жоғары жылдамдықпен төменге құлады. Бұл кезде есі шыққан қыз барлық тетікті басуда. 
Нәтижесінде кабина бірінші қабатта тоқтап қалып, қыз бала аман қалды. Оқиғадан кейін қыз қатты жылап жіберді. Оның психологиялық зақым алғанымен, қазіргі уақытта өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

http://stan.kz 

06 маусым 2019 ж. 775 0