Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Әлемдегі ең бай адам табысты болудың құпиясын айтты

Әлемдегі ең бай адам табысты болудың құпиясын айтты

Амеркикалық Amazon компаниясының негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адам Джефф Безос табысқа жетуді қалайтын жас кәсіпкерлерге ескеру керек үш нәрсені атады,

Оның айтуынша, ең маңыздысы — клиентке ыңғайлы болу. "Оларға (клиенттерге) үлкен қуаныш әкелетін не нәрсе екенін анықтаңыз", — деді Безос. Ол сондай-ақ, жаңа бастаған кәсіпкерлер сәтсіздікке дайын болуы тиіс және алға жылжу үшін батыл қадамдар жасау керек деп мәлімдеді.  "Сіздің бизнесіңіз көп жағдайда сәтсіздікке ұшырауы мүмкін эксперимент екенін мойындауыңыз керек.  Бұл қалыпты жағдай. Міне, нартәуекел деген осы", - деді Безос.
Amazon басшысы өз ісіңізге деген сенімнің өте маңызды екенін айтады. Оның айтуынша, егер сенім жоқ болса, басқа компаниялармен бәсекелесу қиын болады. "Сіз немен айналысасыз да және не дамытуды жоспарлап отырғаныңыз да оған құмарлық болуы керек", — деп қорытты ол.
Amazon негізін қалаушы Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең бай бизнесмендердің рейтингінде көш бастап тұр. 7 маусымдағы мәлімет бойынша оның жағдайы 147,9 миллиард долларға бағалануда. 2019 жылы Безос әйелі Маккензимен ажырасып, оған 35 миллиард доллар көлемінде төлем төлеген, алайда соған қарамастан ол планетаның ең бай адамы боп қалды.
http://stan.kz
09 маусым 2019 ж. 182 0