Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әтір төгіп алған: Әйел күтпеген жерден аяқсыз қалды

Әтір төгіп алған: Әйел күтпеген жерден аяқсыз қалды

Англияның Ланкашир қаласының тұрғыны аяғына әтірдің құтысын құлатып алғаннан кейін аяғынан айрылған,

42 жастағы Джилл Хаддингтон (Gill Haddington) осыдан бірнеше жыл бұрын иіс су құтысының сынықтарымен аяғын жарақаттап алған. Осыдан кейін аяғы екі есе ұлғайып, қабыну мен жара пайда болған. Ал аяғының саусақтары төмен қарай қисайған. Ауруы жан шыдатпаған соң, ол дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олар оның кешенді аймақтық ауырсыну синдромы деп диагноз қойған. Бұл жағдайда адамдар өзін үнемі жағымсыз сезінетінін айтқан.
Хаддингтон мүгедек арбамен жүріп, жақындарының көмегіне толық сүйенуіне тура келген. Алайда, жағдайы тіпті нашарлап кеткен соң, дәрігерлер әйелді рентгенге және сканерлеуге жіберген. Көп ұзамай мамандар фибромиалгиямен зардап шегуі мүмкін деп болжап — бұл ми мен жүйке жүйесінде белгілі бір химиялық заттардың жоғары деңгейіне байланысты бүкіл денеде ауырсыну тудыратын жағдай деп түсіндірген.                                                                                                   
"Аяғым мен үшін өлі болды, бұл қатты ауырсыну мен  бақытсыздықтың себепшісі болды. Мен қалыпты өмір сүруді жалғастырғым келеді", - дейді британдық.
Нәтижесінде ол хирургтарды аяқты ампутациялауды өтінген. Алғашында дәрігерлер күмәнданғанымен, кейінірек, әйел төзімсіз ауырсынудан зардап шегетінін түсініп, оған қарсы шыққан. Мүгедектер арбасында бірнеше ай отырғаннан кейін Джилл протез кие бастаған.
"Протез мінсіз емес, бірақ мен оны өте жақсы көремін. Бұл үшін өкінбеймін", - дейді науқас.
Қазір британдықтың жағдайы жақсарып, жүзу сабақтарын қайта жалғастыруда. Оның айтуынша, бұл оған қуаныш әкеледі, әрі қарай ол қайырымдылық жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.
http://stan.kz
09 маусым 2019 ж. 645 0