Германияда 27 жыл бұрын комаға түскен әйел оянды

Мунираны жергілікті ауруханаға жатқызған, кейін диагноз қою үшін Лондонға алып кеткен. Дәрігерлер оның комаға ұқсас жағдайда екенін айтып, оның ауыртпалықты сезінетінін жеткізген. Кейінірек әйелді БАӘ-ге қайтарған. Содан бастап, оған түтікше арқылы тамақ беріп, физиотерапия жасаған.
2017 жылы Абу-Даби ханзадасы Мохаммед бен Заид осы жағдайды естіп, Мунираға Германияда ота жасау үшін ақысын төлеп берген. Бір жылдан соң Мунира дыбыс шығара бастаған, ал тағы біршама уақыттан соң ол оянып, баласының есімін атаған. Әйел адам Абу-Дабиге қайтып, емделіп жатыр. Оның бұлшықеті семіп (атрофия) қалған.