"Өлтіретін ойым болмаған": 75 жастағы қаруланған қария қылмыскерді ұстады

Ол қылмыскерге қару кезеніп, тоқтауын талап еткен. Бұл әрекетіне қылмыскер мойынсынбай қойған кезде ауаға оқ атып, тізерлеп тұруға қарар берген.
"Менің оны өлтіретін ойым болмаған. Тек қылмыскерге оқ атуым мүмкін деп ойлап қалсын деген едім", - дейді Марсия Блэк.
Қария қылмыскерді құрығында ұстап тұрған. Сол уақытта Марсия Блэктің 15 жасар немересі полицияға хабар берген. Полиция келген кезде қылмыскер қашып кетпек болған. Алайда, оны құқық қорғаушылар бірден құрықтаған. Кэмерон Пауэрс автокөлік ұрлығы бойынша іздеуде жүрген.