Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада полицейлерге қылмыскерді ұстауға көмектескен екі оқушы марапатталды

Елордада полицейлерге қылмыскерді ұстауға көмектескен екі оқушы марапатталды

Елордада полицияға көмектесіп, балаларды қарумен қорқытқан ер адамды ұстауға көмеккен мектеп оқушыларын марапаттады.

№27 және №37 орта мектептердің оқушылары Дильнұр Амангелдиев пен Данияр Аскаровтың алғыс хат пен сыйлық алды.
"Батыр оқушыларды Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Рустам Шарибаев құттықтады", - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.
Оқиға 12 маусымда үйдің ауласында болды. Ер адам тапаншамен мас күйінде кәмілетке толмағандарды қорқытты. Аулада болған екі оқушы ер адамды полицияға ұстап беруге көмектесті.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі. Ер адамның тапаншасы пневматикалық қару екені анықталды.

http://stan.kz 

17 маусым 2019 ж. 568 0